Hexagon компаниясының демеушілігімен жарияланды
EMIA мұнай-газ саласындағы 2026 жылға арналған төрт тенденция
Мұнай-газ саласына болжам жасау — тәуекелі жоғары іс. АҚШ геология қызметінің бас геологы Дэвид Уайт «мұнай өндірісінің шарықтау шегіне 1920 жылы жетеміз» деп мәлімдеген. Сол уақыттан бері аталмыш мәлімдеме қате екені талай мәрте дәлелденді.

Екі әлемдік держава болжау мүмкіндігінің болмауын стратегияға айналдырғандықтан 2025 жылдың соңына қарай жағдай күрделене түсті. Тарифтердің экономикалық салдары мен ЕО-ның АҚШ-тан жыл сайын 250 млрд АҚШ долларына мұнай мен газ сатып алу жөніндегі міндеттемесінің нақты әсері қандай болатынына ешкім баға бермеді. Сарапшылар үшін Қытайдың мұнай қорларын жинақтау стратегиясы әлі де түсініксіз. Батыс елдерінің Ресейге қарсы санкцияларының ұзақмерзімді салдары да айқындалып келеді. Арзан ресейлік мұнай Үндістанның мұнай өңдеу саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Алайда бұл АҚШ пен Үндістан арасындағы саудадағы келіспеушіліктердің пайда болуына сеп болды. Оның әсері 2026 жылы да сезіледі.

Осы жағдайларға қарамастан, бағыт-бағдар бар. «Жыл соңына қарай нарықта мұнай бағасы жоғары қорлар мен жаһандық экономикалық өсімнің баяулауына байланысты барреліне 60 АҚШ долларына дейін төмендеуі мүмкін» деген болжам бар. Сонымен қатар, 2025 жыл тарихта тоқтату аяқталғаннан кейінгі алғашқы жыл ретінде қалуы ықтимал. «Мұнай мен газ сөзсіз құлдырайды» деген пікір жоққа шықты. Сарапшылар әлі жиырма жыл жаһандық сұраныс өсуі мүмкін деген пікірде.

Төменде келтірілген төрт үрдіс осы қарама-қайшы сигналдарды айшықтайды. Сондай-ақ, олар компаниялар үшін шығындарды азайту, әлеуметтік лицензияны нығайту және болашаққа икемделудің маңызын айқындайды. Себебі, болашаққа имкемделу өндіріс көлеміндей ерекше маңызға ие.

1. Капитал тәртібі — негізгі қағида
2026 жылы капиталдық шығындар қысқарады. Wood Mackenzie болжамына сәйкес, мұнай мен газды барлауға және өндіруге арналған жаһандық капиталдық шығындар 4,3%-ға қысқарып, 341,9 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл 2020 жылдан бері алғашқы жылдық төмендеу болмақ.

EMIA өңірінде инвестициялар шығын деңгейіне қарай бөлінеді. Таяу Шығыстың ұлттық мұнай компаниялары өз құнды кен орындарының артықшылығын пайдалануды жалғастыруда. Aramco 2025 жылға 52–58 млрд АҚШ доллары көлеміндегі инвестицияны жоспарлап отыр. Ал upstream сегментіндегі капитальдық шығындар 2024 жылы 19%-ға өсіп, шамамен 39 млрд АҚШ долларына жетті. ADNOC өз кезегінде 2027 жылға қарай мұнай өндіруді тәулігіне 5 млн баррельге дейін ұлғайтуға бағытталған көпжылдық бағдарламаны іске асыруда. Бұл жобалар төмен шығынды, ұзақмерзімді және экономикалық тұрғыдан тартымды бастамалар санатына жатады.

Еуропада керісінше «өнімді жинау» кезеңі басталды. Солтүстік теңізде өндірістің төмендеуін өтей алатын жаңа ірі жобалар аз. Ал Ұлыбританияның мұнай өндіру көлемі 2030 жылға қарай көпжылдық минимумға жетуі мүмкін. Норвегиядағы соңғы жобалар толқыны өндірісті уақытша тұрақтандырады. Десек те, жаңа жобалар іске аспаса, өндіріс қайта төмендей бастайды.
2026 жыл EMIA өңіріндегі мұнайды барлау және өндіру үшін өндіріс көлемінің өсуінен гөрі капитал тәртібі басым болатын жылға айналады. Ірі компаниялар барлау мен өндіруге емес, қолданыстағы кен орындарын жетілдіру және кезең-кезеңімен кеңейту сияқты салыстырмалы түрде шағын инвестицияларды таңдауға бейім болады. Негізгі назар тәуекелге негізделген табыс пен жобаларды сенімді іскке асыра алу мүмкіндіктеріне аударылады.

Бұл тәсіл жаңа өңірлердегі жобаларға да әсер етеді. Гайана құны төмендігінің арқасында тартымдылығын сақтайды. Ал Намибиядағы жобалар шығындарды бақылау және сенімді екенін дәлелдеу үшін кезең-кезеңімен іске асырылуы қажет. Үндістан секілді реттеуде қиындықтары бар елдерде кен орындарын игеру - ірі бір жолғы инвестициялардан гөрі кезеңдік жобалар мен бірлескен кәсіпорындар арқылы жүзеге асады.

Капитал тәртібіне басымдық беру арқылы жобаларды бақылау мен тәуекелдерді басқаруды күшейтетін құралдар мен әдістерді кеңінен қолдануға болады. Жұмыс көлемі, шығын және кестені біріктіретін Enterprise Project Performance (EPP) платформалары, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың өзгеруіне байланысты құрылыс тоқтап қалу тәуекелін азайту үшін жасанды интеллектіні пайдалану кеңінен таралады.

2. Пайдалану және техникалық қызмет көрсету шығындарын қысқарту: ИИ мен APM-ге басымдық
Шығындарды қысқарту жобаларға ғана емес, операциялық қызметке де әсер етуде. Кейбір компаниялар қызметкерлер санын қысқарта бастады. Chevron компаниясының бас директоры Майк Уир «Жұмыс орындарын сақтаудың ең тиімді жолы — бәсекеге қабілетті болу» деген болатын.

Экономиканың ең үлкен потенциалы активтерді басқаруда. ӨАБ (өндірістік активтерді басқару) жүйесін зауыт деңгейіндегі цифрлық егізбен біріктіру жабдықтың жай-күйі туралы деректерді еңбек шығындарын, қосалқы бөлшектерді және энергия тұтынуды азайтатын техникалық қызмет көрсету шешімдеріне айналдыруға мүмкіндік береді. Британдық және австралиялық ғалымдардың жарияланған зерттеулеріне сәйкес, мұндай комбинация пайдалану және техникалық қызмет көрсету шығындарын 20%-ға дейін төмендете алады. Бұл жетілген активті ұтымды пайдалануды жалғастыру мен оны жабу арасындағы шешуші фактор болуы ықтимал.

Ең жылдам нәтиже компрессорлық қондырғылар, газ турбиналары, пештер, каталитикалық крекинг және гидрокрекинг қондырғылары, күкіртті газды өңдеу жүйелері және өндірілген суды тазалау қондырғылары секілді критикалық деңгейі жоғары жабдықтарда байқалады. Ақауларды ерте кезеңде болжау арқылы шығындарды қысқартып қана қоймай, Scope 1 және Scope 2 аясындағы шығарындыларды да азайтады.

Компаниялар жасанды интеллектіні тек бэк-офисті автоматтандыру үшін емес, сонымен қатар аса маңызды активтерді басқару үшін де кеңінен қолдана бастайды. 2024 жыл жасанды интеллектті енгізудің бастапқы кезеңінде болды. Қызметкерлердің тек төрттен бірі ғана жұмыс істейтін компанияда жасанды интеллект қолданылатынын айтқан. Сол кезде ЖИ-ді қолданудың негізгі бағыттары жұмыс процестерін автоматтандыру және өзара әрекеттесуді жақсарту (30%), деректер аналитикасы арқылы өндірісті оңтайландыру (28%) және қашықтан мониторинг болды.

Сокращение выбросов метана и улавливание углерода: декарбонизация становится частью операционной модели
Еще одна область, которая может стать ключевой для операционной деятельности, — это сокращение выбросов. 2025 год стал годом, когда отрасль в значительной степени отошла от побочных проектов в области возобновляемой энергетики, особенно если они показывали низкую прибыльность или не соответствовали основной бизнес-модели.

3. Метан шығарындыларын қысқарту және көміртекті ұстау: декарбонизация операциялық модельдің бір бөлігіне айналуда
Шығарындыларды қысқарту — операциялық қызметтің тағы бір негізгі бағыты. 2025 жыл сала үшін табыстылығы төмен немесе негізгі бизнес-модельге сәйкес келмейтін жаңартылатын энергия көздеріндегі жанама жобалардан бас тарту кезеңі болды.

2026 жыл бір мезгілде шығарындыларды азайтып, экономикалық пайда әкелетін екі стратегияның уақыты болуы мүмкін: метан шығарындыларын қысқарту және көміртекті ұстау, пайдалану және сақтау (CCUS).

Халықаралық энергетика агенттігінің Global Methane Tracker 2025 деректеріне сәйкес, энергетика секторындағы метан шығарындылары жылына 120 млн тоннадан асады, ал олардың шамамен 70%-ын қолданыстағы технологиялар арқылы болдырмауға болады. Бұл шаралардың көпшілігі бір жылдан аз уақытта өзін-өзі ақтайды, өйткені ұсталған газды нарыққа шығаруға болады. Бұған қоса, метан шығарындыларын тиісті түрде қысқарту арқылы 2024 жылы 100 млрд текше метр газ нарыққа жеткізілуі мүмкін еді, ал әлем бойынша жыл сайын шамамен 150 млрд текше метр газ факелдерде жағылады.

2026 жыл EMIA өңіріндегі операторлар үшін метан шығарындылары мен газды алаулатып жағуды беделдік мәселе емес, нақты өндірістік шығын ретінде қарастыра бастайтын бетбұрыс кезеңі болуы ықтимал. Компаниялар метан шығарындыларының қарқындылығын төмендетіп, жекелеген активтерде тұрақты факельдік жағуды біртіндеп тоқтатады. Спутниктер арқылы анықталған «суперэмиттерлер» жедел жойылады, ал тәуекелі жоғары объектілерде үздіксіз мониторинг жүйелері енгізіледі. Қазіргі таңда әлемдік мұнай мен газ өндірісінің тек 5%-ы метанның дерлік нөлдік шығарындылары стандарттарына сәйкес келеді, ал алдағы жылдары бұл үлес өсуі тиіс.

Сонымен қатар CCUS технологиялары пилоттық жобалардан өнеркәсіптік деңгейдегі жаңғыртуға өтуде. Негізгі назар сутек ағындарына, каталитикалық крекинг (FCC) және риформинг қондырғыларына интеграцияланған көміртекті ұстау жүйелеріне аударылады. Еуропада көміртек бағасының өсуі (өткен жылы орта есеппен тоннасына шамамен 70 еуро) мұндай жобалардың экономикалық тартымдылығын арттырады. 2026 жылғы маңызды ерекшелік — операторлар алдымен метан шығарындылары мен газды жағуды азайтудың төмен шығынды шараларын іске асырып, содан кейін ғана көміртек концентрациясы жоғары және жүктемесі тұрақты технологиялық ағындарда CCUS енгізеді.

Шығарындыларды басқару күнделікті операциялық құралдарға айналуда. Кәсіпорын деңгейіндегі активтерді басқару жүйелері (EAM) сенімділік көрсеткіштерімен қатар шығарындылар бойынша KPI-ларды да қамтиды. Кәсіпорынның цифрлық егіздері көміртекті ұстау жүйелерінің жүктемесін, қысым айырмаларын және бу балансын модельдей отырып, өнімділікті оңтайландырады. Жасанды интеллект стационарлық датчиктерден, дрондардан және спутниктерден алынған деректерді біріктіре отырып, ағып кетулерді анықтауды жеделдетеді. Қысқасы, декарбонизация операциялық құралдар арқылы шешілетін нақты өндірістік міндетке айналуда.

4. Еуропалық мұнай өңдеу қысқарып, бірақ «ақылдырақ» бола түсуде
Атлантикалық бассейндегі құрылымдық құлдырауға байланысты Еуропадағы мұнай өңдеу саласы рентабельділіктің төмендеуімен және басқа өңірлерден импортқа тәуелділіктің артуымен сипатталатын дағдарысты бастан кешіруде. Бұл үрдіс 2026 жылы мұнай өңдеу зауыттарының жабылуын жеделдетуі мүмкін, ал кейбір алаңдар шикі мұнайды өңдеудің орнына биожанармай немесе тұрақты авиаотын (SAF) өндірісіне көшуі ықтимал. Shell Весселингтегі (Германия) зауытын жапты, Petroineos Грэнджмуттағы өндірісті тоқтатты, тағы бірнеше нысан қайта қарау сатысында тұр. Салалық зерттеулерге сәйкес, егер төмен маржалар мен саяси шектеулер сақталса, 2030 жылға қарай Еуропа бастапқы өңдеу (CDU) қуаттарының тәулігіне 2,1 млн баррельге дейінін жоғалтуы мүмкін.
2027 жылға қарай Еуропа шикі мұнай өңдеу қуаттары аз, бірақ орташа жүктемесі жоғары және төмен көміртекті интеграцияланған қондырғылары көп жаңа кезеңге қадам басады. Құндылық тек өңдеу көлемімен емес, энергия тиімділігімен, сенімділікпен және икемділікпен анықталады.

Сенімділік шешуші факторға айналуда. Орташа НПЗ-дағы жоспардан тыс тоқтаулар жыл сайын ондаған миллион доллар шығын әкеледі. Зауыттар кәсіпорын деңгейіндегі активтерді басқару (EAM) аясында APM жүйелерін енгізіп, процестерді басқарудың озық жүйелері мен болжамдық аналитиканы пайдалана отырып, жылу тасығыш қондырғылар мен сутек жүйелерінің тұрақтылығын арттыруда. Еуропадағы бірқатар алаңдар «цифрлық жөндеу» жүргізіп, өзгерістерді басқару және жұмысқа рұқсаттарды бақылау үшін бүкіл зауыт деңгейіндегі цифрлық егіздерді құруда. Басқа салалардан алынған тәжірибе, мысалы жылумен жабдықтау жүйелерін интеграциялау және «қағазсыз» операциялық модельдер, НПЗ-лардың әлеуметтік лицензиясын нығайта отырып, отын тұтынуды қалай қысқартуға болатынын көрсетеді.

Бұл инвестициялар бір қарапайым міндетті шешеді: 2026 жыл мұнай-газ компаниялары үшін кезекті циклдің аяқталуы болуы тиіс. Мұндай кезеңдер маржаға, шығындарға және капиталдық салымдарға қысымның күшеюімен сипатталады. Бұрынғыдай «мұнай-газ дәуірінің аяқталуы» туралы мәлімдемелер айтылады. Алайда мұндай болжамдар 1920 жылдан бері жасалып келеді және әрдайым қате болып шықты. Шындық мынада: салаға тән «бум — құлдырау» циклдарында дәл осы құлдырау кезеңі бәсекелік артықшылық қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл кезеңнен сәтті өткен компаниялар алға шығады.